Оқиға Бостандық ауданында Тимирязев көшесінде 23 қаңтар күні болған.
«Бостандық аудандық ІІБ Алматының 1983 жылғы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Жапа шегуші аяғынан жараланып, ауруханаға жатқызылды. Оның өміріне қауіп жоқ. Алдын ала болжам бойынша олар өзара жанжалдасып қалған», - деді қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның себебін, атқан адамның тегін және қаруды анықтау үстінде.