Алматыда полицейлер адам келбетін танитын бағдарламамен жұмыс істейді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Полиция департаменті полицейлердің планшеттеріне адам келбетін танитын бағдарлама орнатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жаңашылдыққа жолполициясы қызметкерлері мен жергілікті полиция инспекторлары қол жеткізеді.

«Жаңа механизмніңжұмысы мынандай болмақ, полицейлердің жұмыста қолданатын планшеттерінде адамкелбетін тану модулі орнатылады. Ол көптеген функцияларды жүзеге асыруғамүмкіндік береді. Нақты уақыт режімінде адамдарды анықтауға, толықтайтексеруге, қылмыстарға қатысы бар жоғын білуге, іздеуде жүрген, жүрмегенінанықтауға көмектеседі. Оқиғалар мұрағатындағы бейнемәліметтерді талдауға жәнежинақтауға болады. Бұл жаңашылдық қылмыстық істерді тергеуге, қылмыскерлердііздестіру бойынша операциялық жұмыстарды жақсартуға өз септігін тигізбек»,- депмәлімдеді Алматы ПД өкілі Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар