Алматыда полицейлер мен қарақшылар арасында атыс болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 25 маусым күні Алматы қаласының Алатау ауданында бірқатар қарақшылық шабуылдарды ұйымдастыруда күдікті танылғандарды ұстау кезінде полиция қызметкерлеріне оқ атылып, қарсылық білдірілді, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Операция барысында қылмыскерлердің бірі оқ жарақатын алып, қаза тапты, екіншісі қарусыздандырылып, ұсталды.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желілерде оқиға куәгерлері түсірген видео да жарық көрді.