«Осы мерекеде және әрдайым ардагер апаларымызға алғыс айтамыз. Олардың ұзақ жылғы қызметі, тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі полиция саласындағы жас мамандарға үлгі. Сіздер тек жақсылыққа ғана лайықсыздар. Біз сіздерді мақтан тұтамыз»,-деді Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.
Сонымен қатар, Алматы қаласының ПД басшылығы қызметтік міндетін орындау барысында қаза болған әріптестердің отбасын, туыс-туғанын Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады.