«Алматы қалалық ІІД 12 тамыз күні түнгі 02:30-да қалалық психикалық денсаулық орталығынан қашқан 1982 жылғы Қожамбетов Қанат Жанатұлын ұстады. Ол шизофренияның созылмалы түрінен зардап шегеді», - деп хабарлады ІІД.
Науқас Алматы қаласы, Медеу ауданынан табылған.