Алматыда шетелдік нөмірмен жүрген қанша көлік тіркелген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір айдың ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген 24 көлік тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда шетелдік нөмірмен жүрген 24 автокөлік тіркелді. Оның 21-і Ресейден, 2-уі Қырғызстаннан және 1-і Армениядан әкелінген. Барлығы Еуростандартқа сәйкес келеді», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

Бұған дейін Алматыда қаланың әкімшілік полициясының жанында ЕАЭО елдерінен алып келген көлік құралдарын тіркеуге қатысты сұрақтар бойынша call-орталық ашылғаны туралы жазған болатынбыз.