«Оған медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға жатқызылған жоқ», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, өз мүшесін қасақана зақымдау оқиғасы Ақпараттар есебі кітабына тіркеліп, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жолданған.
«Сотталушыларға арналған Республикалық психиатриялық ауруханада стационарлық ем қабылдаудан өткен соң ол ары қарай жазасын өтеу мекемесіне жөнелту үшін Алматы қаласындағы тергеу изоляторына жеткізілген болатын. Алайда ол басқа өңірде жазасын өтеуге келіспеді. Келіспейтінін білдіру үшін сәуір айының басында өзінің аяғына ыстық су шашқан еді. Енді бүгін өзіне қасақана зақым келтіріп отыр», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Сот кәнігі қылмыскер деп таныған 49 жастағы ер адам қазіргі уақытта кісі өлтіргені үшін 18 жыл түрмеде отыру жазасын өтеп жатыр.
«Республиканың түрлі өңірлеріндегі бас бостандығын айыру орындарындағы 12 жылдық жазасын өтеу кезінде ол тәртіп деңгейінің ең жоғарғы жағымсыз деңгейін көрсеткен. 2018 жылдың ақпан айында ғана жазасын өтеу тәртібін бұзғаны үшін 10 тәулікке тәртіптік изоляторға қамалған», - делінген хабарламада.