Акция барысында мұз айдынына шыққан жастар флеш-моб ұйымдастырды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тізіліп тұрып, жүректің бейнесін салды. Сөйтіп, оның ортасына «25» санын көрсетті.
Өз сөзінде бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов отанды сүю - нағыз патриоттық сезім екендігін, сондықтан патриот болу керектігін айтты.
«Бүгін қазақтың елімізге белгілі нар тұлғалы азаматтары және студент жастары Медеуге келіп, өздерінің отанымызға деген сүйіспеншілігін білдіріп жатыр. Бұл жерде әсіресе жастардың көптеп жиналғаны бізді ерекше қуантады. Өйткені, отанды сүю, Қазақстанды сүю - бұл нағыз патриоттық сезім! Сондықтан, патриот болыңыздар! Алға Қазақстан!», - деді Ермахан Ыбрайымов.
Өз кезегінде әнші Мәдина Сәдуақасова жастарды ел дамуына үлес қосуға шақырды.
«Еліміздің өркендеуіне өзіміздің үлесімізді қосқымыз келеді. Және де оған біздің мүмкіндігіміз де күшіміз де жетеді. Ең бастысы, Қазақстандықтар бейбіт елде, мәз мейрам ғұмыр кешуде», - деді ол.
Сонымен қатар, студент жастар да өздерінің отанға деген лебіздерін сезімін білдіріп жатты.
«Қаншама жастар мына жерде қолдарына көп көк байрақ пен шарлар ұстап, отанды шексіз сүйетіндерін білдіріп жатыр. Барлығымыз жақсы көреміз елімізді. Алайда, оны осылай көрсете беру, паш ету - үлкен маңызға ие», - деді студент Ұлжан Ыбрайымова.