«Медеу ауданының полиция басқармасының тергеу бөлімі бұзақылық және қаруды заңсыз алу, сақтау және алып жүру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Бүгін таңертең 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта ер адам тапаншадан ауаға бірнеше рет оқ атқан. Ол өзінің осындай іс-әрекеті арқылы қоғамдық тәртіпті бұзды.Сондай-ақ, айналасындағыларға қауіп тудырды. Күдікті Б ұсталды. Ол 1994 жылы туған. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Оның кімге тиесілі және кімнің атына тіркелгені анықталады. Сондай-ақ басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілетін болады. ҚР ҚК 287-бап, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі»,- дейді Алматы қалалық ПД Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Болат Тотыбаев.
Алматы ауданаралық мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу органы күдіктінің Алматы қаласының аумағында басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексереді.