Қалалық ІІД ресми өкілі қайғылы жайттың орын алғанын растады.
Оның айтуынша, Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде тоңазытқыштан иістене бастаған 1,5 және 4 жастағы екі баланың денесі табылған.
Көршілері хабарлағандай, бұған дейін бұл пәтерді үш баласы бар әйел жалдап тұрған.
Әйелдің өзі 1 жастағы баласымен қайда кеткені белгісіз.
«Қазір аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркеліп, сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа ақпарат тергеу құпиясына байланысты жария етілмейді», - деді Салтанат Әзірбек.