Алматыда төрт көлік соқтығысты
19:05, 10 Қараша 2021
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшесінде төрт көлік соқтығысып, жол апатын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Жол-көлік оқиғасы Байтұрсынов көшесінің бойында (Әйтеке би - Гоголь көшелерінің аралығы) болды.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ford көлігінің жүргізушісі көлігін тоқтата алмай, бар екпінімен Mitsubishi Lancer-ге соғылады.
Соққыдан Mitsubishi Lancer көлігі Mitsubishi Montero машинасының астына кіріп кетті.
Mitsubishi Montero алында тұрған Volkswagen Passat-қа соғылады.
Жол апаты салдарынан Mitsubishi Lancer-дегі әйел жолаушы зардап шекті. Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеуде.
Жол апатының себептері анықталып жатыр.