«Бұған дейін мәлім болғанындай, полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел түрде бұзған некелік шеруге қатысушыларды жауапқа тартты. Естеріңізге сала кетелік, 2015 жылдың 7-ші қарашасы күні кешкі сағат бестан асқан уақытта Байзақов көшесінің шығыс жағына таман, Абай даңғылы бойында неке шеруі тарапынан жол қозғалысы ережесі бұзылды», - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері осы шеруге қатысты бейнетаспаны мұқият сараптай келе, ондағы автокөлік жүргізушілерінің барлығының аты-жөндерін анықтады. Бүгінгі таңда барлық төрт автокөлік жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзғандары үшін әкімшіілік жауапқа тартылды.
Нақты айтар болсақ:
1. «Тойота Форанер» автокөлігінің жүргізушісі Н. Сүйінбай ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 596-шы бабының 3-ші тармағы бойынша (қарсы жолаққа шығып кету) - 1 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айрылды.
2. «Тойота Ленд Крузер» автокөлігінің жүргізушісі Н. Нарбаевқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 601-ші бабының 1-ші тармағы бойынша (қойылған белгілерге қатысты ереже бұзу) - 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
3. «Мерседес Бенц» автокөлігінің жүргізушісі Байбатыр Е. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 595-ші бабының 1-ші тармағы (артқа қарай жүру), 595-ші бабының 1-ші тармағы (маневр жасау ережесін бұзу) және 606-шы бабының 1-ші тармағы бойынша (апатты жағдай туғызу) - 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
4. «Мерседес Бенц» автокөлігінің жүргізушісі Саркисян А. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 95-ші бабының 1-ші тармағы бойынша (маневр жасау ережесін бұзу) 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.