«Алматы су» компаниясының мәліметінше, 25 - 30 жыл немесе одан көп уақыт бұрын пайдалануға берілген құбырлар жеке құбырларға ауыстырылады. Алматы қаласының инженерлік коммуникацияларын модернизациялаудың жалпы жоспарына сәйкес, жол төсемін кейіннен толық қалпына келтіріледі.
Жөндеу жұмыстары мына көшелерде жүретін болады:
- Бөгенбай батыр көшесі (Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін);
- Райымбек даңғылы (Галилей көшесінен солтүстікке қарай Казаков көшесіне дейін);
- Казаков көшесінен Бродский көшесіне ауысуымен (Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылынан солтүстікке қарай);
- Шаляпин көшесінің сотүстігі (Саин көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейін);
- Қажымұқан көшесі (ОШАҚ №2 сорғы станциясынан Достық даңғылына дейін);
- Саин көшесінің батысына қарай (Ұлықбек көшесінен Шаляпин көшесіне дейін);
- Есқараев көшесі (Розыбақиев көшесінен Гагарин даңғылына дейін);
- Гагарин даңғылы (Есқараев көшесінен Ходжанов көшесіне дейін);
- Ходжанов көшесі (Гагарин даңғылынан ЦТРП дейін);
- Дөңентаева көшесі (53 тұрғын үйден 2б тұрғын үйге дейін);
- Есенов көшесі (Раскова көшесінен Колпаковский көшесіне дейін және ары қарай Колпаковский көшесінен №143 лицей-мектепке дейін);
- Қазыбек би көшесі (Уәлиханов көшесінен Абдуллиндер көшесіне дейін);
- Ганди көшесі (Батыс Желтоқсан көшесі арқылы Қозыбаев көшесінің шығысынан ОШАҚ дейін);
- Қозыбаев көшесінің шығысы (Серіков көшесінен төмен Мұқатаев көшесіне дейін).
Жөндеу жұмыстары кезінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасалады. Ыстық сумен жабдықтау және оны берудің уақытша сызбасы әзірленді.
«Еске салсақ, жылыту маусымы басталғанға дейін МИБ, ПИК және басқа да басқарушы компаниялар тұрғын үйлер ішіндегі инженерлік желілерді, элеваторлық тораптарды, жылу пункттерін қысқа дайындауға және үй ішіндегі қолайлы жағдайларды сақтау үшін өзге де іс-шараларды өткізуге міндетті»,- деп атап өтті «Алматы су» МКК баспасөз қызметінен.