Татьяна Васильеваға Алматы ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ғазиз Нұрқаев өз қолымен алғыс хат, гүл және ескерткіш сыйлық тапсырды.
Қарақшылардың инкассаторларға шабуылынан кейін бірнеше күн өткен соң өз үйінің ауласынан тапанша тауып алған 57 жастағы Медеу ауданының тұрғыны Т.Васильева дереу полицияға хабарлаған. Із кесушілерге әйел адам қаруды тауып алғанға дейін үй қақпасының алдынан екі ер адамды көргенін айтқан.
Жедел-тергеу тобының мәліметтеріне қарағанда, компания қызметкерлерінің бірі дәл осы тапаншамен өлтірілген. Бұл заттай айғақ шабуыл жасағандарды іздеуге, аталған қылмыстың ашылуына ықпал еткен.