Алматыда троллейбус өртке оранды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Райымбек пен Петров көшелерінің қиылысында троллейбус өртке оранды. Оқыс оқиға таңертеңгі сағат 8-дер шамасында болды.

Горит троллейбус на Райымбека Петрова актуально на 8:30 ✅#kris_p_almaty #алматы #almaty #kz #талгар #каскелен #иссык #капчик #талдык #кордай #жаркент #сити #kaz #дтп #сбили #гаи #маи #полиция #милиция #нарушение #скорость #крисп #тренога #трехношка #ушаяк

A post shared by Online #1ViP@kris_p_almaty🇰🇿 (@kris_p_almaty) on May 16, 2017 at 7:36pm PDT


Толассыз жауған нөсердің арқасында өрт өрши қоймады. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көліктің үстіндегі сымдарға найзағай түскен.

Жолаушылардың барлығы қауіпсіз жерге шығып үлгерді. Жапа шеккендер жоқ.