Алматы әкімдігінен хабарлағандай, бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасының тексеріс қорытындысы бойынша аталмыш нысан белгіленген тәртіпте сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамасыз, сәулет-техникалық қадағалауды тартусыз, құрылыстың басталуы туралы хабарламасыз шаруашылық әдіспен жүргізілгені анықталған.
«Алмалы аудандық соты басқарманың талаптарын қанағаттандырды. 11 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен қосымша құрылыс нысанын бұзу жұмыстары басталды», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Еске салайық, Алматыда тұрғындардың шағымынан соң дәмхананың террасасы сүрілген болатын.