Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.
Ресми өкілдің хабарлауынша, 23 наурыз күні таңғы сағат бес шамасында Алматы қаласының Медеу ауданындағы көшелердің бірінде 4 бейтаныс кісі 38 жастағы Украина азаматын соққыға жықты. Одан кейін оның 1 мың еуро салынған қол сөмкесі мен ұялы телефонын қолды етіп, оқиға орнынан бой тасалады.
«Жәбірленушіге келтірілген залал 336 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру шараларының барысында 18-20 жас аралығындағы қала колледждерінің бірінде оқитын 4 студент қолға түсті. Тергеу жалғасуда», - дейді Н. Ораз.