Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев айтты.
«Алматыда арнайы операция барысында ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары 18 жастағы қызды үйіне қайтарды. Қылмыс 9 тамызда болған. Алдын ала ымыраласқан белгісіз біреулер қару кезене отырып, қыздың үйіне баса-көктей кіріп барған. Шабуыл салдарынан қыздың туысқаны жарақаттанған», - деді Алмас Садубаев.
ҚР ІІМ өкілі хабарлағандай, қазір күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Айта кету керек, Алматы полициясы бірнеше күннен бері қалада ауқымды рейд шараларын жүргізіп жатыр.
Бүгін «Студент» және «Atakent mall» сауда үйлері тексерілді. Оның алдында бірнеше күн бұрын бірқатар автобөлшек базары тексерілген болатын.