Алматыда ұрылар түсіп қалған видеолар жұртшылық назарына ұсынылды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы қылмыскерлердің видео, фотожурналын жариялады. Бірінші топтамада ұрлық жасауды кәсіп қылғандардың камерадан алынған бейнелері көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД Криминальдық полиция басқармасы ұсынған 43 файлдан бірнеше қылмысқа қатысты деп күдіктеліп отырған адамдардың бет-жүзі, сұлбасын көруге болады.

«Бүгінде БАҚ пен әлеуметтік желіні белсенді түрде қолдана отырып, осы адамдарды тауып, кім екенін анықтауымыз керек. Жобаны жүзеге асырмас бұрын қоғамның интернеттегі белсенділігіне талдау жүргізілді. Көптеген қылмыстар жұртшылықтың араласуымен ашылды. Азаматтардың белсенділігі бізді қуантады. Осы жолы да қала тұрғындары белсенділік танытып, қылмыскерлерді ұстауда өз көмегін тигізеді деген үміттеміз», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ғаламторға жүктелген видеолар топтамасын мына сілтеме арқылы көруге болады. 

Соңғы жаңалықтар