«Бұл арнайы операция емес. Жетісу ауданында тұратын тұрғын 102 нөміріне соғып, «менде қару бар» деген де, телефонды қоя салған. Мекенжай бойынша жол-патруль полициясы барды. Есік жабық. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Адам мас болғаннан кейін айтқан болуы мүмкін, оны да жоққа шығармаймыз», - деді Салтанат Әзірбек.
Айта кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ-та Алматы қаласы Туркменская көшесі №27 үйде арнайы операция жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.