Алматыда жарылған жылу құбыры қашан қалпына келтіріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Гоголь мен Шәріпов көшелерінің қиылысында жарылған жылу магистралін қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық коммуналдық қызметтердің мәліметінше, жылу трассасында қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, оны шамамен 11 қараша таңғы сағат 3-ке дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бұған дейін Алмалы ауданында Гоголь көшесінен төмен Шәріпов көшесінің бойында құбыр жарылғанын жазған болатынбыз.

Коммуналдық апат салдарынан 67 көппәтерлі және 2 жеке үй, 6 білім нысаны және 20-дан астам басқа нысандар уақытша жылусыз қалды.

Соңғы жылдары бұл аумақта құбырдың тозуына байланысты 17 апат болған, бүгінгісі - 18- оқиға.