Алматыда жеңіл көлік КамАЗ бен автобусқа соғылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеңіл автокөлік және автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бекмаханов көшесімен шығыс бағытта келе жатқан Nissan маркалы автокөлік Свободная көшесінің қиылысында қарсы жолаққа шығып кеткен және қарсы келе жатқан КамАЗ жүк көлігі мен автобусты соққан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1986 жылы туған Nissan жүргізушісі және 1978 жылы туған жолаушысы зардап шекті. Екеуі де қаладағы ауруханаға жеткізілді.

«Аталған факті бойынша қалалық ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 354-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Апатқа себеп болған факторлар бойынша сараптама жүргізіледі», - деп хабарлады қалалық ІІД.