«Бүгін Алматыда полиция қызметкерлеріне қатысты оқыс оқиға болды. Қаланың жергілікті полиция қызметінің инспекторы қызметтесіне оқ атты. Оқ жарақатын алған қызметкер медициналық мекемелердің біріне жатқызылды. Орын алған оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді Алмас Садубаев.
18:48, 26 Қыркүйек 2018
Алматыда жергілікті полиция инспекторы әріптесіне оқ атты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда жергілікті полиция инспекторы әріптесіне оқ атты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.