Баланы құқық қорғау органдары 5 күн бойы іздестірген болатын.
«Бала дін аман. »Жанұя« балалар үйіне тапсырылады. Оны іздестіруге 200 жуық адам атсалысты»,- деп мәлім етті қалалық Полиция департаментінен.
Мұның алдында 11 жасар жетім бала Артур Федоров тәтесінің үйінен 17 қарашада шығып кеткенін жазған болатынбыз.