Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арайлым қаладағы сауда үйлерін аралап жүрген жерінен табылған.
«Қазір 15 жастағы оқушы Бостандық аудандық ІІБ-ге жеткізілді. Басқармаға Арайлымның заңды өкілдері де жетті. Оқушының осы уақытқа дейін қайда болғаны анықталып жатыр», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Еске сала кетейік, Арайлым Жұматаева 7-сәуірде жоғалып кетіп, үйіне оралмаған. 9-сынып оқушысы құрбыларымен сауда-ойын сауық орталығына қыдыруға барған. Қайтар уақытта құрбыларын үйлеріне шығарып салған Арайлым үйіне келмеген.
Мұның алдында хабарлағанымыздай, бойжеткеннің 8- 9 сәуірге қараған түні сауда ойын сауық орталығында жүргені бейнекамераларға түсіп қалған.