Жол апаты түнде болды. ПД баспасөз қызметінен хабарлағандай, Б.Момышұлы көшесімен оңтүстікке бағыт алған Toyota Camry жүргізушісі Универсиада көшесімен қиылыста солға бұрылмақ болған. Сол кезде Mercedes-Benz көлігіне соғылған.
«Бұл жол-көлік оқиғасының мән-жайын Алатау аудандық ПБ қарап жатыр», - қалалық ПД анықтау бөлімінің басшысы Олжас Шәріпов.
Жол апатынан жарақат алған 1 және 3 жасар балалар ауруханаға жеткізілді.
Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, балалардың жағдайы қалыпты.