Жаяу жүргіншіні автокөлік Райымбек даңғылынан жоғары қарай Алтын орда көшесінің бойында таңы сағат төрттерде қағып кеткен. 35-40 жас шамасындағы әйел адам ауыр жарақаттан оқиға орнында қаза тапты. Куәгерлер автомобильдің ашық түсті екенін ғана байқап үлгерген.
Жол апаты болған жерге жол патрульдік полициясы келіп жетті. Олар жүргізушіні іздеп жатыр.