Алматыда жылу желілері 14 мамырға дейін сынақтан өткізіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының сегіз ауданында 27 сәуір мен 14 мамыр аралығында таңғы сағат 4-тен 7-ге дейін жылу желілері гидравликалық сынақтан өткізіледі. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындары мен қонақтарына автокөліктерді сынақ өткізілетін жердегі тұрақтарға уақытша қоймауға және сақтық шараларын сақтауға шақырды.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, штаттан тыс жағдайлар жоққа шығарылмайды: судың жол бетіне шығуы, жол жамылғысының ішінара бұзылуы, т.б. Мұндай жағдайларда ешқандай дербес әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталыққа мына 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014) телефондар арқылы, сондай-ақ 109-ға хабарлаңыз», - деп атап өтті компания өкілдері.

Алматыда жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі (көшелер бойынша) төмендегідей:

27 - 28 сәуір

Жетісу ауданы: Айнабұлақ-1, Айнабұлақ-2, Айнабұлақ-3, Айнабұлақ-4, Көкмайса шағын аудандары; Ангарская-Мақатаев-Палладин-Павлодар көшелері.

Алмалы және Жетісу аудандары:Райымбек-Бродский-Рысқұлов-Сейфуллин; Ботаническая көшесі бойынша; Абылай хан-Бөгенбай батыр-Мұратбаев-Мақатаев-Сейфуллин-Тобаяқов.

Әуезов ауданы: Ұлықбек - Жандосов – Сайын-Яссауи.

27 сәуірден 14 мамырға дейін

Бостандық ауданы:Асқаров-Мирас ықшам ауданы – «Алматы» шипажайы – Саин - әл-Фараби – Қазақфильм ықшам ауданы – Рысқұлбеков- Кекілбаев-Басенов– Өтепов-Розыбақиев-Жароков – Алмагүл ықшам ауданы – Ходжанов -ҚазҰУ-Тимирязев-Ганди-Назарбаев;

Лисянский-Розыбақиев-Жароков - Эксперименттік база-Ходжанов- әл-Фараби-Алмагүл ықшам ауданы;

Орбита ықшам ауданы – Саин - Рысқұлбеков-Розыбақиев-Үлкен Алматы өзені-Өтепов-Жароков-Басенов;

Медеу ауданы: Тайманов-Чайкина-Достық-Меңдіқұлов - әл-Фараби – Жолдасбеков-Достық-Байжанов-ІІМ шипажайы.

28 сәуір

Жетісу және Турксіб аудандары: Құлагер ықшам ауданы; Серіков – Ратушный көшелері; Рысқұлов – Жансүгіров – Тихий – Глазунов.

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Оңғарсынова.

28 сәуір - 2 мамыр

Алмалы және Медеу аудандары: Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев –Мәметова – Уәлиханов – Әйтеке би.

2 - 3 мамыр

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Оңғарсынова –Зерделі ықшам ауданы.

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов – Жангелді – Райымбек – Куратов – Гоголь;

Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Гайдар – Райымбек – Масаншы;

Әуезов ауданы: Ұлықбек – Рысқұлбеков – Саин – Үлкен Алматы өзені.

3 - 4 мамыр

Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мәмбетов – Үлкен алиматы айналма жолының оңтүстік жағы.

Алмалы, Бостандық және Медеу аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтпаев – Чайковский.

4 - 5 мамыр

Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын орда;

Алатау ауданы: Райымбек – Отрар – Рысқұлов – Н.Данченко;

Алмалы ауданы: Шөкин – Қарасай батыр – Емцов – Райымбек.

Алмалы және Әуезов аудандары: Төле би – Рысқұлов – Яссауи – Гайдар;

Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Панфилов – Шевченко – Желтоқсан – Сәтпаев – Байтұрсынов;

Әуезов ауданы: Абая – Рыскұлов – Яссауи – Гайдар – Үлкен Алматы өзені.

5 мамыр

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Қожамқұлов – Тимирязев – Розыбақиев;

Әуезов ауданы:Төле би – Райымбек - Яссауи – Емцов.

10 - 11 мамыр

Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Айманов – Жандосов – Варламов; Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь – Есентай өзені.

11 - 12 мамыр

Наурызбай ауданы: Проектируемая – Айтбаев – Райымбек – Алтын Алаш.

Алмалы, Әуезов және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтпаев – Әшімов – Гайдар.

12 мамыр

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Байзақов – Тимирязев – Өтепов – Розыбақиев.

«Аталған аумақтардың контурларында тұратын барлық тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталады. Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілері жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалы учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз»,- делінген хабарламада.