«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындары мен қонақтарына автокөліктерді сынақ өткізілетін жерлердегі тұрақтарға уақытша қоймауға және сақтық шараларын сақтауға шақырды.
«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, штаттан тыс жағдайлар: судың жер бетіне шығуы, жол жабынының ішінара бұзылуы орын алуы ықтимал. Мұндай жағдайларда өз бетіңізше ешқандай іс-қимыл жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ға 378-06-48 (қосымша 1014), 378-06-62 (қосымша 1013) немесе 109 телефондары арқылы хабарлаңыз»,- деп ескертті компанияда.
Алматыда жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі (көшелер бойынша) төмендегідей:
19 сәуір
Жетісу ауданы: «Айнабұлақ-1,2,3,4» ықшам аудандары, «Көкмайса» ықшам ауданы;
Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин және Ботаническая көшесіне дейін.
19 – 20 сәуір
Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Алтынсарин – Яссауи көшелері.
20 сәуір
Жетісу ауданы: Рысқұлов – Глазунов – Тихий – Жансүгіров көшелері;
Ратушный көшесі бойынша, Құлагер ықшам ауданы.
20 - 21 сәуір
Әуезов ауданы: Қуанышбаев – Рысқұлбеков – Үлкен Алматы өзені – Сайын көшелері.
21 сәуір
Алмалы ауданы: Шокин – Қарасай батыр – Емцов – Райымбек көшелері.
21 - 22 сәуір
Алмалы және Жетісу аудандары: Қазыбек би – Шәріпова – Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Желтоқсан көшелері.
Алатау ауданы:
Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Данченко көшелері.
25 - 26 сәуір
Алмалы және Медеу аудандары: Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев –Мәметова – Уалиханов – Әйтеке би көшелері.
26 - 29 сәуір
Бостандық және Медеу аудандары: «Қазақфильм» ықшам ауданы, «Алмагүл» ықшам ауданы, «Мирас» ықшам ауданы;
Сайын – Рысқұлбеков – Розыбақиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Басенов көшелері;
Лисянский – Розыбақиев – Жароков – Экспериментальная база –Ходжанов – Әл-Фараби көшелері;
Тайманов – Чайкина – Достық – Мендықұлов – Әл-Фараби көшелері;
Аскаров – Садықов көшелері.
26 сәуір
Әуезов ауданы: Төле би – Райымбек – Яссауи – Емцов көшелері.
Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Гайдар – Райымбек – Масанчи көшелері.
26 - 27 сәуір
Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов –Жангелдин – Райымбек – Куратов – Гоголь көшелері.
26 - 28 сәуір
Әуезов ауданы: Абай – Рысқұлов – Ясауи – Үлкен Алматы өзені көшелері.
28 сәуір
Алатау ауданы: Мөнке би – Момышұлы – Райымбек – Оңғарсынова көшелері.
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Қожамқұлов – Тимирязев – Розыбақиев көшелері.
28-29 сәуір
Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтбаев – Чайковский көшелері.
29 сәуір
Наурызбай ауданы: Жуалы – Сәбденов – Алтын орда – Райымбек көшелері.
3 мамыр
Алатау ауданы: Мөнке би – Момышұлы – Оңғарсынова көшелері; «Зерделі» ықшам ауданы.
Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай – Айманов – Жандосов – Варламов көшелері.
3 - 4 мамыр
Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Панфилов – Шевченко – Байсеитова – Сәтбаев – Есентай өзені.
4 мамыр
Наурызбай ауданы: Проектируемая – Айтбаев – Райымбек – Алтын Алаш көшелері.
4 - 5 мамыр
Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов – Абай – Сейфуллин – Есентай өзені – Гоголь көшелері.
4 - 6 мамыр
Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтбаев – Әшімов – Гайдар көшелері.
5 мамыр
Алатау ауданы: «Аққайнар» ықшам ауданы;
Мамбетов – БАК-тың оңтүстік жағы;
Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Байзақов – Өтепов – Розыбақиев көшелері.
«Аталған аумақтардың контурларында тұратын барлық тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталады. Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілері жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалы учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз»,- деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-дан.