«Мен дәрігердің қарауына кезекте отырғанмын. Бір уақытта бізді бірден сыртқа шығара бастады. «Біреу жарылғыш зат қойған» деген хабар тарады», - деді ол.
Аурухананың баспасөз қызметі хабарлағандай, аймақтан жарылғыш зат табылмады. Қазір аурухана штаттық режімде жұмыс істеп тұр.
Ал, қалалық ІІД аталған дерекке қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.