Алматыдағы арықтарға су жіберіледі

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы ішіндегі барлық арықтарға 30 шілдеге дейін су жіберіледі, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Әкім болып тағайындалған сәттен бастап қала тұрғындарыкөтерген мәселелердің бірі арық желісінің жағдайы болатын. Қалалықтармен 8шілдеде кездесу кезінде мен арықтар мен жауын кәріздеріне инвентаризацияжүргізуді, олардың барлығын ретке келтіруді тапсырған едім. Қазіргі кезде суӘуезов, Алмалы, Бостандық және Медеу сынды төрт аудандардың арықтары бойыменағуда. 30 шілдеге дейін жұмыстарды толық аяқтап, барлығына су жіберетінболамыз. Айта кетерлігі, не себепті арықтарда су болмаған, ал шлюздердің жабықболуы тіпті түсініксіз», - деп жаздыБақытжан Сағынтаев.

«Алматыарықтарындағы су - қаланың қайталанбас көрінісі», - дейді ол.

«Арықтарда судың сыңғырлап ағуы — біздің қаламыздыңқайталанбас көрінісі, оның ерекшелігі. Қашанда осылай болған. Су жібергеніміз — жақсы жаңалық. Қала қызметтері,әрине өздерінің жұмыстарын атқарып, арық жүйесін ретке келтіретін болады.Арықтарды таза ұстау, оған қоқыстарды лақтырмау бәрімізге ортақ іс. Бұл меніңқалалықтарға жасаған өтінішім», -дейді Алматы қаласының әкімі.

Бұғанға дейін, Алматы билігі арықтардың неге қаңсып тұрғанын түсіндіргенболатын.

Соңғы жаңалықтар