Алматыдағы атыс: Сот полицияға оқ атқан адамның әйелінің талабын қанағаттандырмады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының аудандық сотының шешімімен банктің А.Демирчянға (Алматыда сот орындаушылары мен полицияға оқ атқан адамның әйелі) тұрғын емес үй-жайды жер учаскесімен пайдаланудағы кедергілерді жоюға мәжбүрлеу туралы талабын қанағаттандырудан бас тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талапкер екі ЖШС-дан, Дужнов пен Демирчяннан берешек сомасын өндіріп алу туралы заңды сот актілерінің негізінде банктің Демирчянға тиесілі жер учаскесі бар тұрғын емес үй-жай түріндегі кепіл мүлкін сату бойынша сауда-саттықтың жеңімпазы болып танылғандығын дәлелдей отырып, сотқа жүгінді.

«Көрсетілген жылжымайтын мүлік банктің меншік құқығы жылжымайтын мүлікті тіркеу органында 2021 жылғы 30 сәуірде тіркелді. Істі қараған кезде сот жоғарыда аталған жылжымайтын мүлікті жалға алу шарттары негізінде төрт жеке тұлғаның жалға алатынын анықтады. Банк талап арызды Демирчянға қойды, бірақ ол талап қою кезінде даулы мүліктің иесі емес болып шықты. Сонымен қатар, банк сотқа жауап берушінің көрсетілген тұрғын емес үй-жайды меншік иесі ретінде пайдалануына кедергі келтіргенін дәлелдей алған жоқ»,- деді аудандық сотта.

Жоғарыда аталған тұрғын емес үй-жайларды бұрынғы меншік иесі Демирчян келісім-шарттар бойынша үшінші тұлғаларға жалға берді. Олар осы тұрғын емес үй-жайларды алады. Бұл ретте, жалға алу шартына банк те дау айтпады. Дегенмен олар 2021 жылғы 30 сәуірде талапкерге көрсетілген мүліктің меншік құқығын тіркегенге дейін бұрынғы меншік иесімен, яғни, заңды негізде, әрқайсысы 12 айғажасалған болатын.

«Осыны ескере отырып, шешім шығарған кезде сот талапкер өз құқықтарын қорғаудың әдісін дұрыс таңдамады деген қорытындыға келді. Сөйтіп, талапты қанағаттандырудан бас тартылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ және тараптар оған шағым келтіре алады»,- деп нақтылады аудандық сотта.

Еске салсақ, 20 қыркүйекте «Ақбұлақ» ықшамауданында Алматы тұрғыны аңшылық қарудан учаскелік полиция инспекторлары, сот орындаушылары және азаматтық тұлғаларға оқ атқан.