Әлеуметтік желіде Алматыдағы құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Құрылыс алаңындағы өлім туралы Нұрмақов-Қабанбай батырдағы құрылысқа шағымданып жүргенгендер жазды.
Алматы Қалалық Полиция департаменті жігіттің өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 156-бабы «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Сонымен қатар, аталған факт бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы тексеру жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша іске процестік шешім қабылданады», - деп атап өтті полициядағылар.