Қазір қаладағы эпидемиологиялық ахуал жақсарды. Десек те, И. Жекенова атындағы жұқпалы аурулар ауруханасы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.
«Айта кету керек, ғимарат қажетті диагностикалық құралдармен толық жабдықталған, сондай-ақ жансақтау бөлімінде заманауи желдету жүйесі бар, таза бөлмелер кешені орналасқан. Сонымен қатар, ағынды суларды залалсыздандыру жүйесі жұмыс істейді. Төсек-орындар 100% оттегімен қамтамасыз етілген. Ауруханада жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды емдеуге мультидисциплинарлық көзқарас үшін жеткілікті кадрлық ресурстар бар. Білікті эпидемиологтар, невропатологтар, гастроэнтерологтар, пульмонологтар, эндокринологтар, кардиологтар жұмыс істейді», - деп жауап берді басқармадан «ҚазАқпарат» тілшісі жолдаған сауалға.
Басқарма дерегінше, жыл басынан бері коронавирус инфекциясын жұқтырушылардың саны азайды. Бірақ, маусымдық инфекцияларды (ЖРВИ, тұмау, ішек инфекцияларын) қоспағанда, герпесвирустық (инфекциялық мононуклеоз, шанақ және тағы басқа), зооноздық инфекцияны (бруцеллез) жұқтырғандар көбейген.
Еске салайық, Алматыда коронавирус инфекциясын емдеуге арналған госпитальдің құрылысына 5,5 млрд теңге бөлінген болатын.