Алматыдағы өрт кезінде балаларды құтқарған Түркия азаматы марапатталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Түркия елінің азаматы Шүкір Гүнай Алматыдағы Түркияның Бас консулдығында марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: facebook.com/TCAlmatiBK

Белгілі болғандай, Шүкір Гүнай «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі жантүршігерлік өрт кезінде 16-қабатта қою қара түтінyің арасында қалып қалған әйелді үш баласымен бірге құтқарған.

«Алматыдағы өрт кезінде анасы мен үш баласын құтқарған біздің азаматымыз - Шүкір Гүнайға және басқа да азаматтарға адами құндылықтарға бай түрік-қазақ бауырластығына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз», - делінген Алматыдағы Түркия бас консулдығының хабарламасында.


Еске салайық, 1 тамыз күні Алматыда 16 қабатты үйде өрт тұтанғанын хабарлаған едік.

Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді. Амалы қалмаған тұрғындар балаларын терезеден лақтырды.

Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар.

Кейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қаза тапқанын хабарлады.