Бүгін полиция «Car city» базарын қоршауға алды. Тәртіп сақшылары сатушылардың құжаттарын тексеруде.
Құқық қорғаушылар сатушылардың сауда жүргізуге рұқсат лицензиялары бар-жоғын да анықтауда. Жедел-профилактикалық шараға қалалық ІІД 300 қызметкері, Ұлттық гвардияының сарбаздары жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, кеше «Жібек жолы» автобөлшек базары тексеруді бастаған еді. Жедел профилактикалық шара 29 шілдеге дейін жалғаспақ.