Алматыдағы Сейфуллин көшесінде тәртіп орнады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Сейфуллин даңғылында тәулік бойы рейд шаралары өткізіледі. Көше бойында жеңіл жүрісті қыздарды полиция анықтап, тиісті шаралар қолдануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласыәкімінің тапсырмасы бойынша Сейфуллин даңғылында интимдік қызмет көрсететінжеке тұлғаларды және жезөкшелер ордасын анықтау бойынша рейдтік шаралар тұрақтытүрде жүргізілуде. Осы кезеңде ішкі істер органдарына 1 200 -ден астам жеңілжүрісті қыз-келіншектер жеткізілді. Сонымен қатар, жоғарыда аталған әйелдердітасымалдаумен айналысатын 205 адам және 87 такси жүргізушісі анықталды.Полицияға жеткізілген әрбір адамға қатысты арнайы тексеру жүргізіледі: олардыңжеке басын анықтаймыз, басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереміз, саусақізін аламыз. Содан кейін әкімшілік және қылмыстық заңнамаға сәйкес шарақолданамыз», - деді Алматы қалалық ПД Түрксіб аудандық полиция басқармасыныңбастығы Еркін Амантаев.

Сондай-ақ,профилактикалық шараға СПИД орталығының қызметкерлері де жұмылдырылды. Медицинақызметкерлерінің жұмыс істеуіне полиция жағдай жасады. Олар басқармада арнайызертхана кабинетін ұйымдастырды. Онда жеңіл жүрісті қыздар жыныстық жолменберілетін ауруларға тест тапсырды.

Алматы полициясыныңжұмысына Сейфуллин көшесінің тұрғындары оң баға берді.

«Полицияқызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейді. Қазір бәрі жақсарып келеді. Бұрынғыдайжол бойында тұратын қыздар жоқ. Бір ай болды, көше тым-тырыс. Төбелес,айқай-шудан құтылдық», - дейді Сейфуллин даңғылы бойында орналасқан азық-түлікдүкенінің иесі Гүлсім Баймахамбетова.

«Мен Сейфуллинкөшесінде орналасқан көпқабатты үйде 1961 жылдан бері тұрамын. Осыдан 20 жылбұрын біздің көше Алматының ең қорқынышты көшесі болатын. Түнгі көрінісін айтуғааузым бармайды. Жартылай жалаңаш қыздар тротуарда отырды, өту мүмкін болмады. Қазірбәрі өзгерді. Жеңіл жүрісті қыздарды немесе маскүнемдерді көрсек болды, дереуполицияға хабарласамыз, олар келіп шара қолданады. Тәртіп күшейе түсті,учаскелік полиция қызметкерлері жақсы жұмыс істеп жатыр», - дейді жергіліктітұрғын Элизаветта Гунбина.