«Алматыда трамвай жүрмейтіндігіне қарамастан жүргізушілер трамвай жолдарына қатысты ережелерді, оның ішінде ЖҚЕ 9,6 баптарын сақтауы тиіс. Өз бағытында кездесетін трамвай жолын басуға рұқсат берілген. Сондай-ақ, ереженің 8 тарауының 6 тармағын ескере отырып айналып өтуге, басып озуға, солға бұрылуға рұқсат етілген», - деді ол.
Алайда, қарама қарсы беттегі трамвай жолын басуға тыйым салынған. Сондай-ақ, жолда 5.8.1. немесе 5.8.2 белгілері тұрған болса, трамвай жолын кесіп өтуге болмайды.
Айта кету керек, қазіргі таңда мұндай белгілер түгел алынып тасталған.