Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жантүршігерлік жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиева ауруханадан 1 ақпанда шыққан.
«Пациенттің денсаулығы жақсарып келеді, жағдайы қанағаттанарлық. Сондықтан ол амбулаторлық емделуге жіберілді», - деді басқармада.
Бұған дейін Алматыда жол апатынан танымал актриса Шолпан Елгезек пен тағы екі кісі көз жұмғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, жүргізушінің кінәсі дәлелденді.
Автор: Майя Тенизбаева