АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі сағат 17:05-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 128 км қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 8.3. MPV магнитудасы – 3.8. Эпицентр координаттары – 42.12° с.е., 76.37° ш.б. Тереңдігі – 15 км. Сезілгені жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген хабарламада.
Фото: static.vkurse.kz
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.