Алматыдан 141 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 сәуір күні Алматы уақыты бойынша 23:31-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 141 шақырым жерде, Қырғыз елі аумағында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.2, магнитудасы - 4,9. Тереңдігі - 5 шақырым.

Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.