Сейсмологтардың мәлімдеуінше, жер сілкінісі Алматы уақытымен сағат 20:27-де тіркелген.
«Зілзаланың ошағы Алматыдан шығысқа қарай 144 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан», - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.8, MPV тербелісі - 4.8, тереңдігі- 15 шақырым.
Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.