Алматыдан 201 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдан 201 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі 1 қаңтарда Алматы уақытымен 13 сағат 41 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 201 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.4. MPV тербелісі - 4.5. Тереңдігі – 20 шақырым.

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.