Алматыдан 239 км қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 17 сағат 32 минут 32 секундта жер сілкінді, зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 239 км қашықтықта Қырғызстан аймағында орналасқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

«Зілзаланың энергетикалық қуаты 9.6. Магнитудасы MPV 4.2. Бағыты 41.86° с.е. 79.18° ш.б. Тереңдігі 5 км»,-делінген хабарламада.