Ведомствода хабарланғандай, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.
«Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.8. MPV тербелісі - 4.4. Ошағының бағыты 42.28° с.е. 79.81° ш.б. Тереңдігі - 20 км. Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді», - делінген хабарламада.
Фото: alamy.com
12:27, 29 Сәуір 2018
Алматыдан 259 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 11 сағат 28 минут 21 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.