Алматыдан 28 км қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 10 қаңтар күні Алматы уақытымен 09 сағат 27 минут 17 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзаланың эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 28 км қашықтықта, Қазақстан аумағында болды. Энергетикалық қуаты 9,2. Магнитудасы MPV 4.4. Ошағының тереңдігі 20 км. Талғар аласында 2 балдық дүмпу (МSК-64 шкаласы бойынша) сезілді.