Алматыдан 283 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылдың 2 желтоқсанында Алматы уақытымен 17 сағат 50 минут 42 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 283 шақырым жерде - Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты - 9.8. MPV магнитудасы - 4.5. Эпицентрінің координаттары 40.85° с.е. 78.19° ш.б. Тереңдігі - 10 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.