Сейсмологтардың ақпаратына сәйкес жер сілкінісі 12 сәуір күні 16 сағат 41 минут 52 секундта тіркелді. Оның ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 297 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.
Зілзаланың қуаты - 12.5. Тербелісі - 5.6. Тереңдігі - 5 км.
Екінші жер сілкінісі сағат 14.09-да Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 384 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болды.
Жер дүмпуінің қуаты - 9.5. Тербелісі - 4.2. Тереңдігі - 5 км.