Алматыдан 329 км жерде жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық стансасы жүйесінде 25 мамыр күні 02 сағат 08 минут 52 секундта жер сілкінісі тіркелді.

Зілзаланың эпицентрі Алматының батысына қарай 329 км жерде, Қырғызстан аймағында болды, делінген ҚР ІІМ ТЖК-нің мәліметтерінде.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.0. Магнитудасы MPV 4.6. Ошағының бағыты 42.19 с.б. 73.16 ш.е. тереңдігі 15 км.