Жерасты дүмпуі 30 тамыз күні Алматы уақытымен 22 сағат 05 минутта болған.
«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 360 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 9.1. MPV магнитудасы – 4.1, бағыты 40.01° с.е 77.58° ш.б. Тереңдігі – 5 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ»,-делінген кезекші оператордың хабарламасында.
Еске сала кетейік, бүгін астана уақытымен түнгі екі шамасында Алматыдан 322 км қашықтықта жер сілкінген еді.